Астананың «Сарыарқа» ауданындағы «Көктал» саябағында көгалдандыру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аудан аумағын абаттандыру және жасыл желек қорын көбейту мақсатында саябаққа 340 ағаш көшеті отырғызылды. Одан бөлек, аудан бойынша 640-тан астам ағақ отырғызылды.

Атап айтқанда, саябақ аумағына жөке, тал, алма және қарағаш ағаштары егілді. Бұл жұмыс ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындар үшін жайлы әрі жасыл қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткен ағаш отырғызу жұмыстарына ауданның белсенді тұрғындары, аудан әкімдігінің ұжымы және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ қызметкерлері қатысты.

Жаңа ағаштардың жерсінуін қамтамасыз ету үшін оларды күтіп-баптау және суару жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.
