Астанада Кіші Талдыкөл аумағында 200-ге жуық адам сенбілікке қатысты

Астанада Кіші Талдыкөл аумағында 200-ге жуық адам сенбілікке қатысты
Фото: Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Астананың «Нұра» ауданындағы Кіші Талдыкөл аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен банк секторының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Bank CenterCredit, Alatau City Bank, Freedom Bank және Нұрбанк қызметкерлері сенбілікке атсалысты. Барлығы 200-ге жуық адам аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында Кіші Талдыкөлге іргелес аумақ тұрмыстық қоқыс пен өзге де ластанудан тазартылды. Қатысушылар аумақты абаттандыруға, оның экологиялық тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Банк секторы өкілдері мен қалалық басқарма қызметкерлерінің белсенді қатысуымен тазалық жұмыстары қызу жүргізілді. 

Бұған дейін Астанада кәсіпкерлік саласының 100-ден астам қызметкері сенбілікке қатысқанын жаздық.