Қарулы Күштердің бірқатар басшысы қызметінен босатылды

Қарулы Күштердің бірқатар басшысы қызметінен босатылды
Фото: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қарулы Күштерінің бірқатар лауазым иелерін босатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен:

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.