Жүргізуші куәлігін әперемін деп тұрғынның 200 мың теңгесін иемденген семейлік ұсталды
16 ақпан, 2026
Фото: Абай облысы ПД
Жаңасемей ауданының 37 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп бейтаныс әйел 200 мың теңгесін жымқырғанын айтып полицияға шағымданған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 2025 жылы қараша айында бейтаныс әйел алдап кеткен. Криминалдық полиция Семей қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті кінәсін мойындаған. Ол қаражатты жұмсап жіберген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция құжаттарды рәсімдеуге «көмек» ұсынатын делдалдарға сенбеуге және мемлекеттік қызметтерді тек заңды жолмен алуға шақырады.
Бұған дейін елорда тұрғыны көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалғанын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Ақмола облысында 30 млн теңгенің синтетикалық есірткісі тәркіленді
20 маусым, 2026
Алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық Түркиядан елге жеткізілді - ІІМ
19 маусым, 2026
Талдықорғанда синтетика есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
19 маусым, 2026
ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды