12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жеңіс Қасымбек IX қысқы Азия ойындарында медаль алған спортшылармен кездесті

|
Photo: Фото: Instagram/jenis_qasymbek
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жеңіс Қасымбек IX қысқы Азия ойындарында медаль алған спортшылармен кездесті

|
Photo: Фото: Instagram/jenis_qasymbek

Бұл туралы Астана қаласының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Харбин-2025 IX қысқы Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларымызбен кездестім. Біздің елордалық командамыз спорттың 5 түрінен сынға түсті. Олар – шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және керлинг», - деді әкім.

Кешенді жарыста елорда құрамасының спортшылары 6 медаль жеңіп алды: екі алтын медаль, үш күміс және бір қола.

«Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетті! Осылайша олар елімізге алғашқы тарихи алтын медаль сыйлады! Чемпиондық команда құрамында Астанадан аттанған үш спортшы – Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен және Абзал Әжіғалиев өнер көрсеткені біз үшін ерекше мақтаныш. Спортшылармен және жаттықтырушылармен бірлесіп, алдағы жұмыстарды талқыладық. Өз тарапымыздан көмек көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз. Спортшыларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!», - деді Жеңіс Қасымбек.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗