Жамбыл облысында прокурорлар кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде бұзушылықтар анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Жуалы ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау барысында медициналық мекемелердің балаларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырмағанын анықтады.
«Атап айтқанда, ағымдағы жылы Жуалы ауданының 7 білім беру ұйымында 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығын бұзу болып табылады», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде балалар тексеруден өте бастады, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.