Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады
4 қазан, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады.
– Қазақстан Люксембургпен арадағы достыққа, өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ықпалдастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашатынымызға сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарған жауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
8 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақырды