Құрбан айтта Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Бүгін, 15:44
Думан Аманжол Думан Аманжол
Құрбан айтта Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Азаматтарға арналған үкімет» мерекелік демалыс туралы ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Корпорация мәліметінше, 27 мамыр күні Құрбан айт мейрамына байланысты барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер жұмыс істемейді.

«Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді», делінеді хабарламада.

Еске салсақ, мамыр айындағы мереке күндері ХҚКО-ның қалай жұмыс істейтінін жазғанбыз.