Қазақстан цифрлық экономиканың технологиялық іргетасын қалап жатыр - Жаслан Мәдиев
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында экономиканың салалары мен мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол соңғы 6 айда елімізде Қазақстанның цифрлық болашағы үшін қажетті реттеуші және институционалдық негіздер жедел қарқынмен қалыптасқанын атап өтті. Қазақстан азаматтары жаңа Конституцияны қабылданды. Онда азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде дербес деректерді қорғау құқығы бекітілген. Конституциялық деңгейде Alatau City қаласының ерекше мәртебесі бекітілді. Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң, «Цифрлық активтер туралы» заң, «Киберқауіпсіздік туралы» заң, сондай-ақ Телекоммуникациялар нарығы мен деректер орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Осы жылдың 9 маусымында Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan компаниясының 2029 жылға дейінгі жалпыұлттық стратегиясын бекітті.
«Бұл біздің экономикаға және мемлекеттік басқару салаларына цифрлық трансформация мен ЖИ-ді ауқымды енгізудің кешенді жол картасы», - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Өткен жылы аймақтағы алғашқы суперкомпьютерлік кластерлер іске қосылғаны атап өтілді. Олар ең қуатты суперкомпьютерлердің Top 500 әлемдік рейтингіне енді. Бүгінде олардың қуатын стартаптар, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар мен компаниялар пайдаланады. Биыл әлемдік деңгейдегі ЦОД алқабының құрылысы басталды. Оның мақсатты қуаты кем дегенде 1 гигаВатт болады. 2028 жылға қарай ауылдардың 92%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. 20 ірі қалада 5G желісі дамып келеді. Ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын гипермагистральдың құрылысы жалғасуда, ол 40 мың шақырымдық республикалық және облыстық жолдарды байланыспен қамтамасыз етеді. Спутниктік интернет арқылы ел аумағын толық қамту көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы жүйелі түрде жүргізілуде. Жасанды интеллект құралдары енгізілуде.
Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы жүйелі түрде жүргізілуде. Жасанды интеллект құралдары енгізілуде. Ұлттық жасанды интеллект платформасы AI-агенттерін әзірлеу, аудармалар, хаттамалар және қызметтік хат-хабарларды дайындау үшін қолданылады. E-Otinish AI-де жасанды интеллект қолдану арқылы азаматтардың 2 миллионнан астам өтініші өңделді. QazTech бірыңғай платформасы толық іске қосылды.