Кирилл Проходов Азиада-2026 ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі

24 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Кирилл Проходов Азиада-2026 ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі
Фото: Владислав Семенов

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Кирилл Проходов Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Гонконг өкілі Фонг Хой Сунмен кездесіп, 15:13 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Кирилл Проходов жарыстың финалына жолдама алды.

Оның финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске салсақ, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Азия ойындарында алтын жеңіп алды.