05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

“Барлық қажетті жағдай жасалды”: Бектенов егін жинау науқанының қорытындысы туралы

|
Photo: Үкімет
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

“Барлық қажетті жағдай жасалды”: Бектенов егін жинау науқанының қорытындысы туралы

|
Photo: Үкімет

Олжас Бектенов 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы туралы: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалды» деп айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Егін жинау науқанының қорытындысы қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Жеңілдікпен қаржыландыру көлемі, лизингті қоса алғанда, рекордтық 1 трлн теңгеге жетті. Диқандар тұқымдық материалмен, арзандатылған жанар-жағармаймен және қажетті көлемдегі тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың және бірлескен жұмыстың арқасында мол өнім алынды.

«Егіншілерімізге қажырлы әрі адал еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Көріп отырғандай, жер жағдайы мен қолайлы ауа райы ғана емес, агротехнологияларды толық сақтау да үлкен табысқа жеткізеді. Дұрыс агротехнология – жақсы егіннің кепілі. Сонда ғана біздің өнімдеріміз экспорттық нарықтарда бәсекеге қабілетті болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗