Әуе компаниясы Медина мен Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:56
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әуе компаниясы Медина мен Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр
Фото: Көлік министрлігі

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсаттар алынған жағдайда, 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға және кері бағытта 2 рейс, сондай-ақ Жиддаға және кері бағытта 2 рейс жүзеге асырылады.

Жолаушылар тек алдын ала сатып алынған билеттер бойынша тасымалданады.

Сондай-ақ, Көлік министрлігі мәліметінше, Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды. 

2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр.