Ақтаудағы онкоорталық маңынан ер адамның мәйіті табылды
19 қазан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денесі онкоорталықтың жанында, аялдама маңында жатқан. Оқиға таңертең болған.
Жергілікті тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабар берген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның көшеде кенеттен қайтыс болғанын хабарлады.
«Ер адам көз жұмды. Ол бейімдеу орталығында тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды