Референдум-2026

Үкіметте энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы қаралды

Бүгін, 10:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үкіметте энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы қаралды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырып жатыр.

Еліміздегі бүкіл базалық инфрақұрылымның ауқымды құрылысы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және экономиканың одан әрі орнықты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Олжас Бектенов.