«Шипагер» медициналық колледжінің студенттерімен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза орта – денсаулық кепілі» тақырыбында 1-2-курс студенттері арасында пікірталас сайысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Сайыста І орынды – «Болашақ», ІІ орынды – «Гиппократ», ІІІ орынды – «Парасат», ІV орынды – «Ақиқат» командалары иеленді.
Ең үздік спикер ЛД-114 тобының студенті Әмірхан Маратов болды.