Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады

15 ақпан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі.