Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ұзартылды

Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ұзартылды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр.

Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Жетіген көшесінің Алаш тасжолы мен А.Пушкин көшесі аралығындағы учаскесінде жол төсеміне маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізетінін жазған болатынбыз.