Мемлекет басшысына Құрылтай сайлауына орай құттықтаулар келіп жатыр

Бүгін, 21:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысына Құрылтай сайлауына орай құттықтаулар келіп жатыр
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауына байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай құттықтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов құттықтады.