SARAP сарапшылары Құрылтай сайлауының қорытындысын талқылады

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
SARAP сарапшылары Құрылтай сайлауының қорытындысын талқылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада «Сайлау қорытындылары және жаңа Құрылтайдың келбеті» тақырыбында SARAP сарапшылар клубының отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиында сайлаудың ресми қорытындысы мен Құрылтайдың алғашқы құрамын жасақтау ерекшеліктері қаралды.

Сарапшылар жаңа депутаттар құрамына қатысты қоғамның күтетін өзгерістері, оның сапалық құрамы, заң шығару жұмысы және азаматтық қоғаммен байланысы жөнінде пікір алмасты.

Отырысқа сарапшылар мен ғылыми орта өкілдері, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және коммуникация саласының мамандары қатысты.

Еске сала кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады.