ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады

ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады
Фото: ҚР ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялап, әр партияға берілетін мандат санын атады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

ОСК мәліметінше:

«Әділет» партиясы – 71,17% дауыс жинап, 110 мандат алды;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11% дауыс жинап, 8 мандат алды;

«Ауыл» партиясы – 6,26% дауыс жинап, 10 мандат алды;

«Ақ жол» партиясы – 5,21% дауыс жинап, 8 мандат алды;

Respublica партиясы – 5,56% дауыс жинап, 9 мандат алды.

«Байтақ» партиясы 1,07%, ал Қазақстан Халық партиясы 3,11% дауыс жинап, белгіленген 5%-дық шектен өте алмады. Осыған байланысты аталған партиялар Құрылтайда мандатқа ие болған жоқ.

Ал сайлаушылардың 2,51%-ы барлығына қарсы дауыс берген.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала нәтижесі жарияланған болатын.