Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Құрметті жолаушылар!
Бүгіннен бастап жолаушыларға қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында №60 және №71 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді», - делінген хабарламада.
№60 бағдардың қозғалыс сызбасы С.Шаймерденов көшесі, Астана-Қарағанды тасжолы және Р. Қошқарбаев даңғылы арқылы ұзартылып, сақиналы бағдар ұйымдастырылады:
№60А - сағат тілі бағытымен жүреді. Бастапқы аялдама №1 қалалық аурухана, соңғы аялдама №63 мектеп-гимназия.
№60Б - сағат тіліне қарсы бағытта қатынайды. Бастапқы аялдама №63 мектеп-гимназия, соңғы аялдама № 1 қалалық аурухана.
№71 бағдар С.Шаймерденов көшесіне бұрылмай Астана-Қарағанды тасжолы бойымен тура қатынайды.
Енгізілген өзгерістер бағдарлар ұзындығын 3,4 км-ге, ал айналым уақытын 12 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді.
Автобустардың нақты орналасуын Avtobys қосымшасынан қадағалай аласыздар.
Өзгертілген қозғалыс сызбасымен суреттен таныса аласыздар.
Еске сала кетейік, Астанада бірнеше бағдардағы автобустар саны артты.