Астанада полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты рейд жүргізіп жатыр - ВИДЕО

Бүгін, 11:25
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты рейд жүргізіп жатыр - ВИДЕО
видеодан скриншот/instagram.com/police__astana

Елордада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Балаларға назар аударыңыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд өтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері рейд барысында кинотеатрлар, сауда үйлері мен компьютерлік клубтарды тексеріп жатыр. Негізгі мақсат – ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары аталған нысандарда заң талаптарының сақталуын тексеруде.

Полиция ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне және бос уақытын ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, мұндай профилактикалық рейдтер елордада тұрақты түрде өтіп келеді.

Еске салсақ, Астанада «Esirtkisiz Elorda – Дені сау ұрпақ» жобасы аясында отбасылық және жастар командалары арасында зияткерлік Quiz ойыны өтті.