Астаналық Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екі дүркін чемпион атанды

Бүгін, 17:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астаналық Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екі дүркін чемпион атанды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында ел намысын қорғаған елордалық спортшы Виктория Ан екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық атлет 100 метрге жүгіруде мәреге бірінші болып жетіп, чемпион атанды. Виктория қашықтықты 11,85 секундта еңсеріп, осы маусымдағы үздік нәтижесін тіркеді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова 11,92 секунд нәтижемен иеленсе, үздік үштікті Түрікменстан спортшысы Валентина Мередова 12,09 секунд көрсеткішпен түйіндеді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Виктория Ан 200 метрге жүгіруде де топ жарып, алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Ол аталған қашықтықты 24,05 секундта бағындырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл нәтиже Виктория Анға Жапонияда өтетін XX Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Виктория Ан III Орталық Азия чемпионатында 100 және 200 метр қашықтықтарда жеңіске жетіп, жарыстың екі дүркін чемпионы атанды.

Еске салсақ, Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады.