Үстел теннисі: елордалық спортшылар Қазақстан кубогында күміс жүлде иеленді

Бүгін, 11:49
Думан Аманжол Думан Аманжол
Үстел теннисі: елордалық спортшылар Қазақстан кубогында күміс жүлде иеленді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Өскемен қаласында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының кубогы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республикалық додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарының ерлер және әйелдер құрамалары қатысты.

Ел кубогы жолындағы бәсекеде Астана қаласының ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық жарыста күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, елорда құрамасының сапында Сағантай Құрмамбаев, Тимофей Герасименко, Александр Герасименко, Ермек Бекназаров өнер көрсетті.

Еске салсақ, елордалық гимнастар Қазақстан чемпионаты мен ел кубогында 23 медаль жеңіп алды.