Бердімұхамедов Тоқаевты Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, бұл уақиғаның еліміз үшін тарихи мәні зор екенін атап өтті.
Президент түрікмен халқының Ұлт көшбасшысына жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов достық әрі стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді.
Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса мән берілді.
Сонымен қатар тараптар көпжақты іс-шаралар аясындағы алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Еске сала кетейік, Президент АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады.