Астанада Қ.Мұхамедханов пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылды

Бүгін, 10:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Қ.Мұхамедханов пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Қ.Мұхамедханов пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысар тұста жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 26 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордада 4 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді.