Абай Алпамысов Ұлттық баскетбол федерациясының президенті болып қайта сайланды

Бүгін, 16:54
Думан Аманжол Думан Аманжол
Абай Алпамысов Ұлттық баскетбол федерациясының президенті болып қайта сайланды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының конференциясы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Іс-шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл Тани, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Ұлттық баскетбол федерациясының басшысын сайлау болды.

«Дауыс беру қорытындысы бойынша Абай Алпамысов жаңа мерзімге федерация президенті болып сайланды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абай Алпамысов Қазақстан баскетбол федерациясын 2022 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол 2013-2017 жылдары да ұйым президенті қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол FIBA Азия басқармасының мүшесі.

Еске салсақ, Президент FIBA-ның отандық баскетболға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады.