Көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалса, қалай қалпына келтіруге болады

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалса, қалай қалпына келтіруге болады
фото: Оңалхан Өнерхан

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2026 жылғы 3 қарашада қазақстандықтарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (КҚТК) жоғалтқан жағдайда қайда жүгіну керегін, қандай құжаттар қажет екенін және жаңасын жасау қанша тұратынын түсіндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz мемлекеттік корпорация баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ең алдымен, көлік құралын тіркеу туралы куәлік – әрбір автокөлік иесі үшін маңызды құжаттардың бірі. Алайда кейде оны қолайсыз уақытта жоғалтып алу жағдайлары кездеседі. Мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ, құжатты қалпына келтіруге болады.

КҚТК-ны мына жолдармен қалпына келтіруге болады:

-мамандандырылған ХҚКО арқылы;

-екінші деңгейлі банктер арқылы;

-электрондық үкімет порталы арқылы.

«Бұл үшін автокөлікті тексерту талап етілмейді», – деп түсіндірді мемлекеттік корпорация өкілдері.

Мамандардың айтуынша, өзіңізбен бірге тек жеке куәлікті алып бару қажет. Мамандандырылған ХҚКО-да құжаттың жоғалғаны туралы өтініш толтырып, мемлекеттік бажды төлеу керек.

Жаңа КҚТК беру үшін мемлекеттік баж мөлшері – 1,25 АЕК (5 406 теңге). 2026 жылы Қазақстанда 1 АЕК 4 325 теңгеге тең.

Өтініш рәсімделгеннен кейін жаңа КҚТК алуға болады.

Сондай-ақ егер автокөліктің мемлекеттік нөмірі жаңа үлгіде болса, оны ауыстырудың қажеті жоқ екені айтылды.

«Егер өтінішті автокөлік иесі емес, оның өкілі берсе, өкілдің өкілеттігін растайтын құжат қажет», – делінген хабарламада.