Ұлттық Банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешім кестесін бекітті

10 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ұлттық Банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешім кестесін бекітті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті. Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», - делінген хабарламада. 

2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:

23 қаңтар

6 наурыз

24 сәуір

5 маусым

24 шілде

4 қыркүйек

23 қазан

4 желтоқсан