Тоқаев: Астанада көптеген қоғамдық кеңістік пайда болды

Бүгін, 17:20
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев: Астанада көптеген қоғамдық кеңістік пайда болды
Фото: Нұркен Мерғалиев

Мемлекет басшысы Астананы абаттандыру ісіндегі оң өзгерістерге тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жаңа келбет» бағдарламасы аясында бес жыл ішінде шаһардың тарихи бөлігіндегі 150 ғимараттың қасбетін жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар көшелер абаттандырылады.

Жалпы, соңғы екі жылда Астанада көптеген қоғамдық кеңістік пайда болды. Жасыл желек мол егіліп, демалыс аймақтары көбейді.

Бұл өте жақсы. Мұны елорда тұрғындары оң бағалап отыр.

Енді осы аумақтарды тиісті деңгейде сақтауға тиіспіз. Бұл әуелгі кезекте елордада тұратын және шаһарға қонаққа келетін Қазақстан азаматтарына тікелей байланысты. Осы істі Ішкі істер министрлігі, полиция департаменті жіті бақылағаны жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.