Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті

16 желтоқсан, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
Фото: Aqorda.kz

ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.