Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты

21 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға інісі шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактумның айтарлықтай үлес қосқанын атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.