Астанада А-334 көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

21 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада А-334 көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада А-334 көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерге арналған бетон жабындысын төсеу жұмыстары 29 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылды. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулері сұралады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында тиісті жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», - делінген Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.