ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

22 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.

Осы тұста MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылғанын айта кетейік.

Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Еске салсақ, бұған дейін Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.