Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бүгін, 10:26
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Арлан Олжабай/ҚР ҰОК

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Бэлла Самашева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Бэлла қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.

Осылайша Бэлла Самашева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел Қанай каратэден Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді.