Елордалық өрт сөндірушілер павильоннан шыққан өртті сөндіріп жатыр

8 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық өрт сөндірушілер павильоннан шыққан өртті сөндіріп жатыр
ТЖМ

Астаналық өрт сөндірушілер «Байқоңыр» ауданындағы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонның өртті оқшаулады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеуде.

ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды.

Бұған дейін елордадағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар 40 адамды эвакуациялаған болатын.