Астанада өрт сөндіру-құтқару спортының үздіктері анықталды
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс барысында қатысушылар үш сайыс түрі бойынша бақ сынады: шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатындағы терезеге көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру және өрт сөндіру автоцистернасынан жауынгерлік қанат жаю.
Жарыстың жалпыкомандалық есебінде: 1-орын – №4 МӨСБ құрама командасы;
2-орын – №2 МӨСБ құрама командасы;
3-орын – №9 ӨСБ құрама командасы.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өрт сөндіру-құтқару спорты - құтқарушылардың кәсіби шеберлігін, жылдамдығын, ептілігін және командалық үйлесімділігін шыңдайтын маңызды бағыттардың бірі.