Елордада жаяу жүргіншілер үш күнде 400-ден астам жол ережесін бұзған

17 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада жаяу жүргіншілер үш күнде 400-ден астам жол ережесін бұзған
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты үш күндік акцияның қорытындысы шығарылды. Іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін жүздеген мәрте бұзғанын анықтап, мектептер маңындағы жол инфрақұрылымын тексерді және оқушыларға қауіпсіздік бойынша ондаған сабақ өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

14-16 қыркүйек аралығында өткен рейд кезінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол ережесін 400-ден астам мәрте бұзғанын және жүргізушілердің қиылыстардан өту тәртібін 127 мәрте бұзғанын анықтады.

Балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.

Елорда мектептерінде тәртіп сақшылары жолдан қауіпсіз өту ережелерін түсіндіретін 46 дәріс өткізіп, жаяу жүргіншілерге ақпараттық парақшалар таратты.

Сонымен қатар полиция білім беру ұйымдары, аялдамалар мен сауда орталықтарының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайын тексерді.

Мамандар жол белгілерінің болуын, жол таңбаларының көрінуін, жарықтандырудың жұмыс істеуін және қоршаулардың бүтіндігін бағалады.

Астана қаласының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға тағы да шақырды. Жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда мұқият болу, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өту ескертілді.

Еске сала кетейік, елордада аялдама әйнегін сындырған жасөспірім жауапкершілікке тартылды.