Биыл Астанада қорқорға қатысты 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Биыл Астанада қорқорға қатысты 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астанада тыйым салынған орындарда қорқор шеккендерді анықтау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Учаскелік полиция инспекторлары темекі өнімдерін, оның ішінде қороқор мен оның қоспаларын заңсыз тұтынуды шектеу бағытында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері елордада 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, 6 200-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Таяуда Шәмші Қалдаяқов көшесінде орналасқан нысандардың бірінде полиция қызметкерлері қоғамдық орында қорқор шегіп отырған 26 жастағы ер адамды анықтады. Құқық бұзушыға қатысты тиісті шара қабылданып, ол әкімшілік жауапқа тартылды.