Британдық журналист, жазушы әрі Орталық Азия тарихын зерттеуші Ник Филдинг «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында зерттеуші музей экспозициясын аралап, Ботай қонысынан табылған археологиялық жәдігерлермен танысты.
Музей мамандары оған Ботай мәдениетінің Ұлы даланың ежелгі тарихын зерттеудегі маңызы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Қазақстанның археологиялық мұрасын сақтау, зерттеу және көпшілікке таныту мәселелері талқыланды.
Ник Филдинг Қазақстан мен Орталық Азия тарихына арналған зерттеулері және жарияланымдарымен танымал.
Сапар аясында британдық зерттеуші Ботай мәдениетінің Ұлы дала өркениетіндегі орны мен өңірдің көне тарихын айғақтайтын археологиялық мұра туралы кеңірек мағлұмат алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Имантауда орта қола дәуірінің тұрғын үйі табылғаны хабарланған еді.