Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады

Бүгін, 11:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz

Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасында бәсекелер басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетуде.

Алғашқы ойында отандастарымыз Филиппин құрамасымен кездесті. Матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама бірден ширек финалға шықты.

Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мәдина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко ел намысын қорғауда.

Оқи отырыңыз: Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының 558 спортшысы бақ сынайды

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте Қытай командасымен кездеседі. Қытайлықтар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген еді.