Қандас мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады - ВИДЕО

Бүгін, 11:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қандас мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады - ВИДЕО
фото: Оңалхан Өнерхан

Еңбек министрлігі Қазақстан Республикасына қоныс аударуды жоспарлаған этникалық қазақтар үшін белгіленген тәртіппен таныстырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

«Ол тұрғылықты өңірді таңдауды, қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден өтуді, кәсіби дағдыларын бағалауды, құжаттарын тексеруді және әңгімелесуден өтуді қамтиды. Белгіленген рәсімдерден өткеннен кейін қандас мәртебесін алу үшін өтініш беруге болады», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, заңнамада көзделген талаптарға сәйкес қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Оның ішінде көшуге және тұрғын үй алуға арналған субсидиялар, сондай-ақ жұмысқа орналасуға және жаңа ортаға бейімделуге жәрдемдесу қарастырылған.