Елордада аялдама әйнегін сындырған жасөспірім жауапкершілікке тартылды – ВИДЕО

17 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада аялдама әйнегін сындырған жасөспірім жауапкершілікке тартылды – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/police_astana

Астанада Бөгенбай батыр даңғылында полиция қызметкерлері аялдама әйнегін сындыру фактісін тіркеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 17 жастағы жасөспірім болып шықты.

Анықталғандай, кешкі уақытта жасөспірім танысымен бірге аялдамада болған. Оқиға орнынан кетер кезде ол аялдама павильонының әйнегін аяғымен теуіп, нәтижесінде әйнек сынған.

Осыдан кейін жасөспірім досымен бірге маршруттық автобусқа отырып, оқиға орнынан кеткен.

«Аталған факті бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдары сотқа жолданды», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті еске салады: аялдама павильондарын және қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарын зақымдау құқық бұзушылық болып табылады және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Мұндай әрекеттер назардан тыс қалмайды. Құқық бұзушылардың жеке басын тексеру іс-шаралары барысында, оның ішінде бейнебақылау камераларының жазбаларын пайдалану арқылы анықталады.

Еске сала кетейік, Астанада халықаралық AI-кино фестивалі өтеді.