Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

30 қаңтар, 2026
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күн райы ашық, жауын-шашынсыз.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 5-10 м/с-ге жетеді. Ауа температурасы күндіз -7-9 °C.