Астаналық құтқарушылар жанып жатқан көлік өртін сөндірді

25 қаңтар, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Астаналық құтқарушылар жанып жатқан көлік өртін сөндірді
Фото: видеодан алынған скрин / t.me/qr_tjm

Астананың «Нұра» ауданындағы Қорғалжын тас жолы бойында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнына өрт сөндіру жасақтары жеткен кезде автокөлік толықтай отқа оранған. Өртті сөндіру үшін орташа көбік түзгіш генератор қолданылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды қысқы мезгілде, әсіресе, күн суытқан кезде автокөлікті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін бұрнағы күні Қарағандыда фаст-фуд дүңгіршегінде газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шеккенін жаздық.