05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

|
Photo: фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

|
Photo: фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында полицейлер республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 3 келіден астам кептірілген марихуананы сақтау дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адамды полиция қызметкерлері Аса – Тараз автожолында Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезінде тоқтатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орнынан есірткі салынған түйіншектерді алып кеткен. Есірткі заты көлік ішінен табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗