Құжат «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығына түзетулер енгізуді көздейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жоба «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-27) тармақшасына сәйкес әзірленген.
"Өзгерістердің негізгі мақсаты қағидаларды жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкестендіру және азаматтардың банктер алдындағы борыштық жүктемесін азайту. Енді зейнетақы жинақтарын негізгі қарызды өтеу, ай сайынғы төлемді азайту немесе ипотекалық қарыз мерзімін қысқарту үшін пайдалану мүмкіндігі нақтыланады", — делінген құжатта.
Сондай-ақ құжат қабылданған жағдайда тұрғын үйді жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың тиімді тетіктері бекітіледі.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Еске сала кетейік, елімізде мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және баспана беру тәртібі жаңартылды.