Жапония Премьер-министрі Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

18 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жапония Премьер-министрі Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
Фото: akorda.kz

Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұған дейін Токио мэриясы Қазақстан туының түсіне боялғанын жазған болатынбыз.