Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Бүгін, 09:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұдан бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.