06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Салық төлеуден жалтарған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

|
Photo: Фото: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Салық төлеуден жалтарған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

|
Photo: Фото: Freepik.com

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды.

Биыл  қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Жасалған қылмыстары үшін оның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Еске салайық, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінен 9 іздестіріліп жүрген тұлға экстрадицияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗